Қарағандыдағы «Солтүстік айналма жолына» қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде

24 Қыркүйек 2019, 12:17
1701
Бөлісу:
Қарағандыдағы «Солтүстік айналма жолына» қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қарағанды қаласы Солтүстік айналма жолы» автожолының 15,6 шақырымында қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

1.jpeg

«Жолшылар жол жабынының төменгі және жоғарғы қабатын төсеп, жер қазу жұмыстарын жүргізіп, су өткізгіш құбырларын орнатқан. Бүгінде учаскедегі көпірлердің құрылысы жалғасуда», - делінген хабарламада.

2.jpeg

Қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, тасжол сағатына 120 шақырым жылдамдықпен жүру рұқсат етілген, 4 жолақты, І «Б» техникалық санатына келтіріледі.

4.jpeg

«Қарағанды қаласы Солтүстік айналма жолы» автожолын қайта жаңарту жұмыстарына 250 адам мен 110 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

5.jpeg


Өзгелердің жаңалығы