Соның нәтижесінде бір жылдың ішінде ол елдімекендерде бірде-бір қылмыс тіркелмеген екен деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вечерняя Караганда жазғандай, салауатты өмір салтын ұстанатын ауылдар жайлы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесте айтқан. Кездесуде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланыпты.
Облыста "Ішімдіксіз ауыл" жобасы жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде 63 елді мекенде тұрғындар алкогольді ішімдіктерді сатудан және түрлі шараларда оларды пайдаланудан мүлдем бас тартқан. Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды ауыл ақсақалдары мен үлкендер жүргізеді. Жоба оң нәтиже берді. Жыл басынан бері бұл елді мекендерде бірде-бір қылмыс орын алған жоқ, - дейді Жасқайрат Қайыров.
Оның айтуынша, облыстың барлық жеті ауданында осындай ауылдар бар. Олардың басым бөлігі Ақтоғай, Қарқаралы және Осакаров аудандарында екен.