Қарағандыда «Жайлы мектеп» жобасының аясында жаңа мектеп ашылды

Бүгiн, 12:18
123
Бөлісу:
Қарағандыда «Жайлы мектеп» жобасының аясында жаңа мектеп ашылды
Фото: автордан

Қарағандыда 1 қыркүйек білім күнінде 2000 орындық мектеп ашылды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасы қаланың жаңа орталығында орналасқан, деп жазады BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Қарағандының «Кеңдала» шағын ауданында салынған білім ордасындағы физика, химия, биология және робототехника кабинеттері заманауи жабдықтармен жабдықталған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спортзал, шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырылған. Сыныптар жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған.

Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқитын болады. Балалардың жас ерекшелігіне орай блоктардың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спортзалдармен және жекешелеген кішкене шкафтармен жабдықталған. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сатылар, арнайы бейімделген әжетханалар салынған, - дейді Қарағанды облысының білім беру басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова.

Сондай-ақ, «жайлы мектептер» Қарағандының «Гүлдер», «Көгілдір тоғандар», «Таугүл» ықшам аудандарында, Балқаш қаласында, Шет және Бұқар Жырау аудандарында салынып жатыр.

Қарағандыда «Жайлы мектеп» жобасының аясында жаңа мектеп ашылды

«Жайлы мектеп» Ұлттық бағдарламасы аясында Бұқар Жырау ауданының Жаңа құрылыс ауылында 150 орындық мектеп пайдаланылуға беріледі. Бұл білім ордасы апатты жағдайдағы мектептің орнына салынды, - дейді Г.Жүнісова.

Осылайша, «Жайлы мектеп» жобасы аймақтағы апатты, үш ауысымда білім беретін мектептердегі орын тапшылығы мәселесін жоятын болады.

Қарағандыда «Жайлы мектеп» жобасының аясында жаңа мектеп ашылды

Білім ордасының ашылуына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қатысып, мектепке Қазақ хандығының картасын сыйлады.

Өзгелердің жаңалығы