Қарағанды қаласында Chevrolet маркалы автокөлік жол жиегіндегі бағанаға соғылды. Жол-көлік оқиғасы Шығыс айналма жолында болды. 26 жастағы жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол-көлік оқиғасы 12 наурыз күні сағат 11:20 шамасында Шығыс айналма жолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі бағанаға бүйірімен соғылған. Салдарынан көлік қатты зақымданып, дерлік темір үйіндісіне айналған.
Соған қарамастан, 26 жастағы жүргізуші аман қалған.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.