Қарағандыда жалаңаш жүрген азаматтар жұртты шошытты

20 сәуір күні әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының екі қаласында қоғамдық орындарда жалаңаш жүрген екі адамның бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 скриншот 20 Сәуір 2023 2023, 16:49
20 Сәуір 2023 2023, 16:49
1308
Фото: скриншот

20 сәуір күні әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының екі қаласында қоғамдық орындарда жалаңаш жүрген екі адамның бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды қаласының орталығында бірі шалбарын шешсе, Теміртау қаласында жарияланған бейнежазбада белгісіз ер адам жалаңаш жүргені анықталды. 

Полиция қызметкерлері бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы азаматтарды анықтады. Қазір оларды диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр, - делінген ІІМ хабарламасында.

Наверх