Қарағандыда ұландықтар жол апатынан зардап шеккен адамға көмектесті

14 Маусым 2022, 15:45
1256
Бөлісу:
Қарағандыда ұландықтар жол апатынан зардап шеккен адамға көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. "Қарағанды-Жезқазған" бағытында марш түзеп бара жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлерінің колоннасы жолдың шетіне шығып кеткен көлікті байқайды.

ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасын байқаған медицина мамандары, тоқтауға рұқсат алып, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріседі.

Колонна бойымен келе жатқан едік, кенет 530 км маңында жолдан шығып, шұңқырға түсіп кеткен көлікті байқап, ойланбастан тоқтадық. Колоннадан тез бөлініп, алғашқы көмек көрсетуге кірістік, - дейді 5451 әскери бөлімінің фельдшері Айдархан Жұмамұратов.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сержант Айдархан Жұмамұратов, кіші сержант Марат Хұдайбердиев, қатардағы Аманжол Орынбасардың жедел іс-қимылының арқасында азамат А.-ға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол дер кезінде Жезқазған қалалық ауруханасына жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы