Қарағандыда тұңғыш рет жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан Кубогы өтеді

9 Қыркүйек 2022, 15:17
1021
Бөлісу:
Қарағандыда тұңғыш рет жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан Кубогы өтеді

Қарағандыда тұңғыш рет жекпе-жек ұлттық спорт түрінен жастар арасында Кубогы өтеді. Жарыс 14–18 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысындағы жекпе-жек федерациясы жұмысын бір жыл бұрын бастаған. Бірақ спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, ең мықты балуандардың бестігіне кіреді. Биыл облыстың жасөспірімдер командасы Қазақстан чемпионатында үшінші орын алды.

Қарағанды облысында жекпе-жек енді ғана қарқын алуда. Спортшылар арасындағы бәсекелестік өте күшті. Бірақ, соған қарамастан, қарағандылық спортшылар Батыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарының, Шымкенттің палуындарымен бірге Қазақстан бойынша үздік бестікке кірді. Жекпе-жек ежелгі дәуірден бастау алады. Бұл палуандар өнері. Қазір әртүрлі жекпе-жек арсеналынан техникалық тәсілдер қолданылуда, дегенмен ережелер жарақат алмау үшін қатаңдатылды, – дейді Қарағанды облыстық жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті Әділет Нұрмадиев.

Өзгелердің жаңалығы