Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда сотқа құрметсіздік танытқан "блогер" жазаланды

11 Қыркүйек 2025, 17:48
797
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық соты өзін агрессивті ұстап, сотқа құрметсіздік көрсеткен ер адамға айыппұл салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға басқа бір істі қарау барысында болған. Белгілі болғандай, ер адам сот отырысы барысында бейнекамерамен залға кірген. Ол судьяның бұйрықтарын елемей, камераға түсіруді жалғастырып, процестің қатысушыларын бөгеп, агрессивті мінез көрсеткен. Сот бұл әрекеттерді сотқа деген айқын құрметсіздік деп бағалап, әділ сот жүргізуге кедергі келтірді деп есептеді.

Сот отырысында ер адам кінәсін мойындамады. Ол сотты қорлау мақсаты болмағанын және судьяға қарсы өкпесі жоқ екенін мәлімдеді.

Алайда сот залында орнатылған бейнебақылау камерасының жазбасы айыптау нұсқасын растады.

2025 жылғы 3 қыркүйектегі сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК-нің 653 б. 1 б. бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 78 640 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, - деп жазылған сот хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Өзгелердің жаңалығы