Қызды ұрлаған күдікті Астана қаласынан ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz мәліметінше, Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ге 25 жастағы қала тұрғыны арызданды.
Оның айтуынша, бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы 4 жасар қызын көлікпен ұрлап кеткен. Аталған факт Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы яғни "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау" сәйкес тіркелді. 13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады. Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: