Қарағандыда салынып жатқан үйдің лифті үзіліп кетіп, бір адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға көпқабатты үйде болған.
Build Invest құрылыс компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешеніндегі лифт үзіліп кеткен. Салдарынан бір адам қаза болды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, жағдайы ауыр.
Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде болған оқиға бойынша, байқаусызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жай анықталып жатыр, – деп жазылған хабарламада.