Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда көпқабатты үйдің шатырына кірпіш қойған жасөспірім ұсталды

11 Қыркүйек 2025, 08:54
1231
Бөлісу:
 Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Қарағанды облысында полицейлер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада жасөспірімнің көпқабатты үйдің төбесіне әдейі кірпіштер қойғаны көрсетілген. Полиция жедел түрде оның жеке басын анықтап, 15 жастағы қала тұрғынын ата-анасының бірімен бірге бөлімшеге жеткізді.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ол ішкі мектеп есебіне қойылды. Ал оның заңды өкіліне қатысты «Кәмелетке толмағанның ұсақ бұзақылық жасауы» бабымен әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді.

Полиция мұндай әрекеттердің қоғамдық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіретінін атап өтіп, бұзақылықтың жолы қатаң кесілетінін ескертті.

Бұған дейін Қарағандыда қауіпті ойын ұйымдастырған жасөспірімді полиция іздестіріп жатқанын жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы