Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттен 28 адам эвакуацияланды

27 Маусым 2024, 08:53
254
Бөлісу:
Қарағандыда көпқабатты үйдегі өрттен 28 адам эвакуацияланды
Фото: Арман Мухатов -архив

Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары өрттен 28 адамды эвакуациялады, , деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Бүгін таң ата Қарағанды қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 5 қабатында орналасқан пәтерде 6 шаршы метр алаңда үй заттары, тоңазытқыш және жиһаздың жануы орын алғаны белгілі болды.

Өрт сөндірушілер 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 8 бала. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 58 минут ішінде өрт сөндірілді, - делінген ведомство хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығуына себеп ретінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы айтылды.

Өрт кезінде “101” және “112” нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы