Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда көлік аялдамаға соғылып, әйел адамды қағып кетті

Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
VIDEO
Фото: видеодан алынған кадр

Жол-көлік оқиғасы таңертең Тәттімбет көшесінде орын алды. Полицияның мәліметінше, 42 жастағы ВАЗ-2111 көлігінің жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан шығып, KIA Sportage көлігіне жол бермеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қақтығыстан қашпақ болған KIA Sportage басқа бір автокөлік – Mercedes маркалы көлікпен соқтығысқан.

Ал KIA Sportage жүргізушісі жол-көлік оқиғасының алдын алуға тырысып, аялдама павильонына соғылған.

Салдарынан автобус күтіп тұрған 52 жастағы әйелді көлік қағып кеткен.

ЖКО салдарынан зардап шеккен азаматша медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы