Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 3 адамды эвакуациялап өрттен үш газ баллонын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін таңертең Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысы пен дуал жанған.
ТЖМ күшімен үйден 3 бала эвакуацияланды. Жану орнынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды. Өрт толығымен 40 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.
ТЖМ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.