Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды

Бүгiн, 15:17
173
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының полиция департаменті есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған кешенді және жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Іс-шаралар барысында 14 қаңтар күні Қарағанды қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен 21 және 39 жастағы екі күдікті ұсталды.

Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан әртүрлі телефондар, электронды таразылар, қаптама материалдары, сондай-ақ өсімдік және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Атап айтқанда, жалпы салмағы шамамен 30–40 грамды құрайтын жасыл түсті спайс тәрізді зат салынған 30-дан астам орама, сондай-ақ ақ және қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заттары бар, жалпы салмағы 10 грамнан асатын орамдар анықталды.

Тергеу барысында күдіктілердің 2025 жылдың тамыз айынан бастап есірткі заттарын таратумен айналысқан интернет-дүкендердің бірінде курьер ретінде заңсыз қызмет атқарғаны белгілі болды.

Олардың әрекетін "StroyKz09" лақап атымен тіркелген белгісіз адам ұйымдастырып отырған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы