Қарағандыда ер адам студентке шабуыл жасап, тонап кетті

<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қарағандыда студентті тонап кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.&nbsp;</p>

 18 Сәуір 2022 2022, 19:44
18 Сәуір 2022 2022, 19:44
1698

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда студентті тонап кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

28 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне оқу орындарының бірінің 19 жастағы студенті жүгінді. 

Жас жігіт өзіне белгісіз біреудің шабуыл жасағанын айтты. Қаскөй оған дене жарақатын салып, одан ақша алып, қашып кеткен. ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

12 сәуірде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 24 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Наверх