Қарағандыда дәрігерлер 21 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды

24 Сәуір 2023, 15:05
1255
Бөлісу:
Қарағандыда дәрігерлер 21 жастағы қыздың өмірін сақтап қалды
Фото: ortalyq.kz

Пышақ жарақатымен шұғыл түрде аурухана жеткізілген қыз баланың өмірін дәрігерлер сақтап қалды. 21 жастағы қыздың жамбас артериясына зақым келіп, өміріне қауіп төнген, деп хабарлайды Қарағанды облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жарақат кезінде адамның тірі қалуы неғайбыл. Дегенменде, жедел жәрдем қызметі мен ақ халаттылардың дер кезінде көмек көрсетуі нәтижесінде қыз баланың өмірін сақтап қалды.

Жамбас артериясына мұндай зақым келген кезде адамның тірі қалуы мүмкіндігі өте төмен. Адам өмірін сақтап қалу үшін зақым келгеннен кейін аздаған минуттардың ішінде көмек көрсетілуі қажет. Аталған жағдайда жәдел жәрдем қызметі өте жақсы жұмыс жасады. Қыз баланы біздің Облыстық клиникалық аурухананың Қан тамырлар микрохирургиясы бөліміне бірден алып келді. Дәрігерлер шұғыл түрде іске кірісіп, жамбаз артериясына протездеу жүргізіп, қан айналамын қалпына келтірді, - дейді Қан тамырлар микрохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Франц Галицкий.

Дәрігерлер, қыз баланың өмірі үшін 4 сағат күресіп, ота жасаған. Осылайша, адам өмірін сақтап қалды. Қазір сырқаттың жағдайы жақсы, ол ауруханада тағы да екі апта емделіп, үйіне жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы