Қарағандыда белгісіз ер азамат адамдарға оқ жаудырды

9 Маусым 2020, 16:25
1313
Бөлісу:
Қарағандыда белгісіз ер азамат адамдарға оқ жаудырды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағандыда сөзге келіспей қалған ер азамат екі адамға оқ жаудырған. Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылдың 9 маусымында белгісіз азамат сөзге келіспеушілік барысында анықталмаған қарумен екі адамға оқ жарақаттарын келтірген. Жәбірленушілер ауруханаға жатқызылды. Оқиғаға қатысушылардың тұлғалары мен оқиғаның мән жайы анықталуда, - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 3-тармағы "қару қолдану арқылы бұзақылық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.           

Қылмысты ашу күдіктілерді ұстау бойынша облыстың Ішкі істер органының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Тергеу амалдары жалғасуда. 


Өзгелердің жаңалығы