Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда аулада самокат теуіп жүрген екі жасар баланы көлік қағып кетті

6 Сәуір 2025, 03:24
1239
Бөлісу:
 Фото: Архив
Фото: Фото: Архив

Қарағандыда тұрғын үй кешенінің ауласында екі жасар баланы көлік қағып, бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға 5 сәуір күні кешкі уақытта болған. Апаттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видео авторының айтуынша, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушінің оқиғаорнынаоралғанын хабарлады.

«5 сәуірде сағат 21:00 шамасында «Томирис»тұрғын үй кешенінің ауласында Chevrolet Nexia көлігінің 36жастағы жүргізушісі самокатпен жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі жасар баланы қағып кетті. Бұл факт полицияда тіркелді», - деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл ретте ведомство қажетті сараптамалар тағайындалғанын, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатынын атап өтті.

Полицияның мәліметінше, бала ауруханаға жеткізілген.

Өзгелердің жаңалығы