Қарағандыда ақылы автотұрақ кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды

14 Желтоқсан 2023, 07:25
446
Бөлісу:
Қарағандыда ақылы автотұрақ кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды қалалық полиция басқармасына 46 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші азаматша жеке кәсіппен айналысып, автотұрақ ұстаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша тұрақ күзетшісі белгілі бір себептермен жұмыс орынынан біршама уақытқа шығып кеткенде, белгісіз біреу осы сәтті пайдаланып, кассадан 200 мың теңге ақша ұрлап кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азамат ұсталды.

Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сәйкес іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы