Қарағанды облысында өрттен 23 адам құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Қарағанды қаласының 2-ші квартал ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 20 шаршы метр алаңда қоқыс, жиһаз және үй заттарының жануы орын алды.
ТЖМ күштері құтқару қалпағының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуацияланды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.