Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Айтуынша, биыл күзде 21 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды.
Биыл 21 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы сабаққа келеді деп күтілуде.
1-4 сынып аралығында балалар тегін ыстық тамақпен қамтылған. 2025 жылға дейін 19 мектеп, соның ішінде апатты мектептердің орнына 2 мектеп салынады. Осы жылдың жоспарында 4 мектептің құрылысы жүріп жатыр. 142 білім беру нысаны жөнделеді, - деп атап өтті облыс әкімі.
Сонымен қатар ол білім ордаларындағы қауіпсіздікке тоқталып өтті.
Барлық білім беру ұйымдында дабыл беру түймелері мен ескерту жүйелері орнатылған. Мектептерде мамандандырылған күзет енгізілді және турникеттер қойылды. Барлық білім беру ұйымында бейнебақылау жүйесін сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы алғанда, облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты. Жыл соңына дейін экономика салаларында оң динамиканы қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Еске сала кетейік, бұған дейін өңір басшысы биыл Қарағандыда 15 мыңнан астам жұмыс орны құрылатындығы туралы айтқан болатын.