Қарағандыда 17 адам құтқарылды

19 Қыркүйек 2024, 23:48
601
Бөлісу:
Қарағандыда 17 адам құтқарылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қарағандыда 17 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қарағандыда А.Ермеков көшесі бойындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен қоқыстардың өртенуі орын алды.

ТЖД күштерінің жедел әрекеттерінің арқасында жану өнімдерімен тұншығудан құтқару қалпақтарының көмегімен 17 адам, соның ішінде 7 бала құтқарылды. Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету тобы оқиға орнында 2011 жылы туған зардап шеккен балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы