Қарағандыда 12 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында ұзақ уақыт бойы жалпы ауданы 12 049 га болатын 15 жер учаскесі пайдаланылмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Қарағанды облысының әкімдігі 13 Тамыз 2024 2024, 15:03
13 Тамыз 2024 2024, 15:03
861
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында ұзақ уақыт бойы жалпы ауданы 12 049 га болатын 15 жер учаскесі пайдаланылмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, ведомство компанияға ҚР Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды бір жыл мерзімде жою туралы нұсқама берген.

Нұсқаманың орындалмауына байланысты сотқа учаскелерді мәжбүрлеп алып қою туралы талап қойылды. Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 3 шілдедегі шешімімен Департаменттің талап арызы қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Наверх