Қарағандыда 1100 га ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жобасы жүзеге асырылды

26 Қазан 2024, 04:20
277
Бөлісу:
Қарағандыда 1100 га ауыл шаруашылығы дақылдарын суару жобасы жүзеге асырылды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

"Евразия-Инвест Ltd"  ЖШС 1100 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарын суару бойынша ауқымды жобаны іске асыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жобаның құны 4,7 млрд теңгені құрайды.

Жоба аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, Valley маркалы 12 айналмалы жаңбырлатқыш машина сатып алынды, бұл судың біркелкі таралуын және суару процесін оңтайландыруды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ картоп отырғызатын машина, картоп жинайтын комбайн және басқа да қажетті жабдықтарды қоса алғанда, заманауи ауылшаруашылық техникасы сатып алынды.

Суару алаңына 835 гектар бидай, 128 гектар арпа, 56 гектар сұлы, 52 гектар картоп және 29 гектар жүгері кіреді. Бұл шаралар өнімділікке айтарлықтай әсер етеді және аймақтың аграрлық секторының дамуына ықпал етеді.

"Евразия-Инвест Ltd"–ге тиесілі жерлердің жалпы ауданы 39 мың гектарды құрайды, оның 12,4 мың гектары егістік алқаптарды, ал 26,3 мың гектары жайылымдарды алып жатыр. Кәсіпорында сыйымдылығы 3150 тонна болатын төрт астық қоймасы бар.

Кәсіпорынның автопаркі жоғары тиімді ауыл шаруашылығы техникасының 43 бірлігін қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы