Қарағанды тұрғындары қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік алды

17 Мамыр 2024, 20:00
322
Бөлісу:
Қарағанды тұрғындары қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік алды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды тұрғындарын қазақ тілінен тегін курстарға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағандыда сәуір айынан бастап қазақ тілін оқыту бойынша тегін қысқа мерзімді және үш айлық курстарға қабылдау жүріп жатыр. Оқуға барлық ниет білдірушілер жазыла алады.

Қарағанды тұрғындары қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік алды

Курстар "Абзал" сауда үйінде және Гоголь көшесі, 34, сондай-ақ басқа мекемелерде тілек білдірушілердің өтініштері бойынша өтеді. Бүгінгі таңда қысқа мерзімді курстарда 100-ден астам адам оқыды, тағы 40 адам оқып жатыр. Үш айлық курстарда 300-ге жуық тыңдаушы тіл үйренді. Курсты аяқтағаннан кейін олар емтихан тапсырады және сертификаттар алады.

Қарағанды тұрғындары қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік алды

Курстарды облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша Тілдерді оқыту орталығы жүргізеді. Күндізгі және кешкі топтар бар, 18 жастан бастап барлық ниет білдірушілер жазыла алады. Басқа жас шектеулері жоқ. Оқыту деңгейлер бойынша жүргізіледі. Курстарға өтінім беру үшін 8-702-445-98-68 нөмірі бойынша хабарласу қажет, – деп хабарлады Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы.

Қарағанды тұрғындары қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік алды

Биылғы жылы өңірде қазақ тілін тегін оқытумен 3500-ден астам адам қамтылады деп жоспарлануда. Қарағанды бойынша 750-ден астам адам курстардан өтеді.

Өзгелердің жаңалығы