Қарағанды-Теміртау тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, автобус пен жүк көлігі соқтығысқан.
Қарағанды облыстық ПД ПАЗ автобусы мен HOWO жүк көлігі 16 ақпанда сағат 16:30-да Қарағанды-Теміртау автожолының бірінші шақырымында соқтығысқанын мәлімдеді.
Жол апаты кезінде автобус салонында төрт жолаушы болғаны айтылды. Апат салдарынан автобустың 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сәйкес сараптамалар тағайындалды.