Қарағанды облысында жолаушылар көліктерін жаңарту жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
№107 Қарағанды – Теміртау қалааралық бағытта қызмет көрсету үшін Yutong маркалы 8 жаңа автобус сатып алынды. Олардың барлығы маршрутқа шықты.
№ 107 маршрут бойынша екі тасымалдаушы қызмет көрсетеді – № 3 және 5 автопарктер. Бұл бағытта барлығы 16 автобус қатынайды. Олардың барлығы жаңартылды. № 5 автопарк маусым айында жергілікті өндіруші QazTehna зауытында жасалған 8 жаңа жайлы автобус сатып алды, – деп хабарлады облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында.
Автобустардың салоны ауаны желдету жүйесімен жабдықталған. Басқармада автобустар паркін жаңарту әлі де жалғасады деп мәлімдеді.