"Қарағанды-Шідерті" жолындағы апат: 65 жастағы жолаушы қаза тапты

Екі көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

 видеодан скриншот 20 Ақпан 2026, 17:52
20 Ақпан 2026, 17:52
1300
Фото: видеодан скриншот

«Қарағанды-Шідерті» жолында екі көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін сағат 13:40 шамасында «Қарағанды-Шідерті» автожолының 928-шақырымында «ВАЗ 2114» және «Kia Sportage» автокөліктерінің қатысуымен жол-апаты болды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ 2114» автокөлігінің 65 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында ірі жол апатынан 4 адам қаза тауып, 3 адам жарақаттанды. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх