Бұқар жырау ауданының 281 гектар жерін қосу арқылы Қарағанды қаласының шекарасы ұлғаюы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша Қарағанды қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасына Бұқар жырау ауданы жерінің 281 гектар бөлігін қосу арқылы Қарағанды облысы Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары өзгертілсін, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған әкім қаулысы мен қалалық маслихаттың бірлескен шешімінде.
Құжат 26 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.