Қарағанды ​​қаласында өрттен 14 адам құтқарылды

14 Қаңтар 2024, 13:25
530
Бөлісу:
Қарағанды ​​қаласында өрттен 14 адам құтқарылды

Қарағанды ​​қаласында өрттен 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері жанды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз!
- электр құрылғылары мен желілерінің жұмысқа жарамдылығын қадағалаңыз!
- бірнеше электр құрылғыларының бір желіге қосылуына жол бермеңіз!
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!

Өзгелердің жаңалығы