Жеңіс күніне Қарағанды облысындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден төленеді. Бүгінде өңірде 14 ардагер тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біржолғы материалдық көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген басқа да санаттарға көрсетілетін болады.
Кәмелетке толмаған кезде концлагерьлердің тұтқыны болған 38 адамға 100 мың теңгеден төленеді.
Ленинградта блокада кезінде жұмыс істеген 11 қарағандылық 60 мың теңгеден алады.
Көмек алушылар арасында Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан 4138 тыл еңбеккері мен 161 жауынгердің жұбайы бар. Олар 30 мың теңгеден алады.
Биыл 1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 78 жыл толады.