Онлайн режимде өткен кеңесте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев кейбір қазақстандық тауарлардың дүкен сөрелерінде жеткіліксіз болуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті өндірушілерді қолдау және халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету – Қарағанды облысындағы басым міндеттердің бірі. Облыс әкімі отандық өнімдерді тұтынушыларға қолжетімді әрі көрінетіндей етіп орналастыру қажеттігін атап өтті.
Қарағанды облысында 150 өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді. Олар сүт, ет, астық және т.б. өңдеумен айналысады.
Өңір 100%-ға бес атау бойынша өз өндірісінің өнімдерімен қамтамасыз етілген: бірінші сұрыпты бидай ұны, макарон өнімдері, картоп, тауық жұмыртқасы, сиыр еті. Сондай-ақ, облыс 90,7%-ға 8 атау бойынша өз өндірісінің өнімімен қамтамасыз етілген. Бұл бірінші сұрыпты нан, құс еті, ашытылған сүт өнімдері, сүзбе, май, сәбіз, қырыққабат, пияз, - деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.
Супермаркеттердің сөресін талдау нәтижесі Қарағанды мен жақын маңдағы өңірлердің сөрелерінде жергілікті өндірушілердің нан-тоқаш және ет өнімдерінің 100%-ы ұсынылғанын көрсетті. Сондай-ақ, отандық тауарларды сату үшін әлеуметтік сөрелер құрылды, ал өнімдерде арнайы логотиптер бар.
Бірақ сонымен бірге бірқатар проблемалар да бар. Олардың ішінде өндірісті жаңғыртудың жеткіліксіздігі, жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі және логистика мен тасымалдау проблемалары бар.
Жергілікті өндірушілердің маркетингтік мәселелеріне ерекше назар аудару керек – мысалы, шұжық сегментінде. Көптеген өндірушілер өз өнімдерін алға жылжытумен айналыспайды, бұл тұтынушылардың таңдауына әсер етеді, өйткені адамдар жиі жарнамаланатын нәрсені таңдауға бейім.
Қазақстандық өндірушілердің тауарлары неғұрлым қолжетімді және танымал болуы үшін логистика мен маркетингті жақсарту маңызды. Өндірісті субсидиялау және сату жағдайларын жақсарту қажет, бұл салауатты бәсекелестік құруға және тұтынушылар үшін тауарлардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.