«Қазақмыс» Тобы Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға болып, екі жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шахтада көміртегі газы бөлінген.
Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қаза болды, - делінген «Қазақмыс» таратқан хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі, - делінген хабарламада.