Қарағанды облысындағы кен орнында 36 жастағы кенші қаза тапты

3 Сәуір 2022, 02:21
1654
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы кен орнында 36 жастағы кенші қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Костенко шахтасында 36 жастағы кенші қаза тапты. Мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл кен орны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі.

Бүгін Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының қызметкері (1986 жылы туған) көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды. Оқиға тергелуде, – деп жазды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы