Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды

40 келі есірткі мен 5 тонна прекурсор тәркіленді.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 19:47
Бүгiн 2026, 19:47
131
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты. 

Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде дайын есірткі заты мен прекурсорлар құйылған канистрлер, түрлі жабдықтар және химиялық реагенттер тәркіленді. Жалпы алғанда 40 келі дайын есірткі және шамамен 5 тонна прекурсордың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Олардың құны 2 млн доллардан асады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті Telegram-арналардың бірінің кураторымен байланыста болған. Ал дайын өнімді облыс аумағында таратуды көздеген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. Прекурсорларды жеткізу арналары анықталуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Наверх