Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы мониторингі органдары Қарағанды облысында заңсыз майнинг фактісін анықтады деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының майнинг өндіруші шаруашылықтарды анықтау бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті майнингтік шаруашылығын пайдалануға 4 контейнерлер (40 тонна) тартылғанын анықтады, оларда майнинг өндіруге арналған 1173 техника болды. Барлық жабдықтардың бағалау құны 5,87 миллион АҚШ долларды немесе 2,5 миллиард теңгеге жетеді,- делінген хабарламада.
ҚР Президентінің «Сарыарқа АЭА құру туралы» Жарлығының, сондай-ақ «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» ҚР Заңының талаптарына қарамастан АЭА аумағында майнинг фермасы заңсыз орналастырылған.
Айта кету керек, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы әртүрлі жабдықтар, машиналар мен техникалар шығару, металлургия өнеркәсібі, құрылыс, электр қуатымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен қамтамасыз ету үшін құрылған.
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Тергеу жұмыстары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Бұған дейін Ақмола облысында тау-кен фермасын КЕGОС желілеріне заңсыз қосу анықталған болатын, - делінген таратылған ақпаратта.
Ақпан айының басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда майнинг салығын еселеп арттырып, барлық майнингтік фермаларды тексеруді тапсырды.