Бұл туралы Республикалық ақпарат штабының брифингінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қарағанды облысының 4 ауылында 60 үй су тасқынынан зардап шегіп, 89 бас ауылшаруашылық жануарлары шығын болғаны белгілі.
Ветеринариялық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, шығын болған барлық мал басы мал қорымының аумағында өртеу жолымен жойылды. Су тасқынынан зардап шеккен 60 отбасына жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді, - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов.
Сондай-ақ оның айтуынша, зақымданған жеке мүліктердің өтемақысы толығымен өтеліп, шығын болған малдың орны толтырылды.