Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды облысында күзетші абайсызда әріптесін атып өлтірді

2 Қыркүйек 2025, 15:02
1108
Бөлісу:
 4vsar.ru
Фото: 4vsar.ru

31 тамыз күні сағат 21:00 шамасында Топар кентінде орналасқан "ГРЭС" ЖШС нысанының күзет постында қайғылы оқиға болды. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері абайсызда табельдік қарудан оқ атып, салдарынан оның әріптесі қаза тапты,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі және қызметтік тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін Таразда пышақ жарақатын алған оқушы көз жұмғанын хабарладық.

Өзгелердің жаңалығы