Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды облысында көлік қозғалысы шектелді

11 Қараша 2025, 22:40
444
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Қолайсыз ауа райына байланысты Қарағанды облысында көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 11 қараша, сағат 19:30-дан бастап Ақмола облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысында республикалық маңызы бар «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92164 шақырымдық учаскесінде (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Жолды 12 қараша күні сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Тәулік бойы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы