Қарағанды облысында кәріз суларын далаға ағызған тау-кен өнеркәсібіне айыппұл салынды

3 Шілде 2024, 19:45
205
Бөлісу:
Қарағанды облысында кәріз суларын далаға ағызған тау-кен өнеркәсібіне айыппұл салынды
Фото: BAQ.KZ -архив

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті «Алтай Полиметаллы» ЖШС-не қатысты тексеру қорытындысы бойынша 300 млн теңгеден астам айыппұл салды, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Қарқаралы ауданының прокуратурасының тапсырмасы бойынша Қарағанды облысының Экология департаменті «Алтай Полиметаллы» компаниясына тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында мемлекеттік экологиялық инспекция аталған кәсіпорын мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз және қоршаған ортаға шаруашылық-нәжіс сарқынды суларын ағызуды тиісті экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырғандығын анықтады. Сарқынды сулардың жалпы көлемі 80 мың текше метрді құраған. Осы заң бұзушылықтар үшін кәсіпорын жалпы сомасы 313 млн теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді Қарағанды облысы экология департаментінің басшысы Дархан Исжанов. 

Сонымен қатар, сот ісі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жіберіліп, шаруашылық-нәжіс сарқынды суларын биологиялық тазарту, ағынды суларды тазарту қондырғылары кешенінің қызметін тоқтата тұру жайлы шешімі шығарылды. Бұл шара заң бұзушылықтар жойылғанға дейін іске асырылатын болады. Кәсіпорын тексеру нәтижесімен келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірген. Алайда, Қарағанды ​​облыстық сотының 2024 жылғы 11 маусымдағы қаулысымен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

Өзгелердің жаңалығы