Қарағанды облысында кафеде газ баллоны жарылды

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты станциясындағы бір кафеде газ баллоны жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 pixabay 12 Желтоқсан 2025 2025, 23:28
12 Желтоқсан 2025 2025, 23:28
530
Фото: pixabay

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты станциясындағы бір кафеде газ баллоны жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы бөлімшелер келгенде кафе толық көлемде ашық өртеніп тұрған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тоғыз адам зардап шекті. Қазіргі уақытта олар жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілді, онда оларға төсек орындары мен қажетті дәрі-дәрмектер дайындалған.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.

Наверх