Қарағанды облысы Жарлы ауылында ірі-қара мал құтырма ауруын жұқтырған, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы мамандарының мәліметінше, әзірге екі сиырдың көзі жойылды. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді. Ветеринарлар қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін екенін айтады.
Ауылда шектеу шаралары енгізілді.
Эпизотияға қарсы қызмет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Елдімекенге кіріп-шыққан көліктердің бәрі тексеріледі.