Қарағанды облысында интернет-алаяқтардан 200-ден астам sim-карта тәркіленді

Кеше, 20:39
313
Бөлісу:
Қарағанды облысында интернет-алаяқтардан 200-ден астам sim-карта тәркіленді

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары ұялы байланыс операторларымен бірге интернет-алаяқтарды қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Теміртау қаласының 34 және 36 жастағы екі тұрғыны ұсталды.

Тергеу барысында күдіктілдердің бір бөлмелі пәтерді жалға алып, онда арнайы жабдық орналастырғаны анықталды. Олар әр 10 күн сайын пәтерге келіп, пайдаланылатын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстырып отырған. Тінту барысында полиция қызметкерлері 232 sim-карта мен екі жиынтық sim-box жабдығын тәркіледі, - дейді ведомстводағылар.

Бұл құралдар алаяқтық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданылған. Қылмыстық іс қозғалып, терге жүріп жатыр.

Сонымен қатар киберполиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Ол әлеуметтік жәрдемақы алуға және жүргізуші куәлігін дайындауға көмектесем деп азаматтарды алдап, олардың атына онлайн-несиелер рәсімдеген. Оның 11 эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді.

Өзгелердің жаңалығы