Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды облысында ерлі-зайыптылар көлікпен мұз астына түсіп кетіп, біреуі қаза тапты

Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
VIDEO
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысында ерлі-зайыптылар көлікпен мұз астына түсіп кетіп, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Топар кентінде екі адам отырған автокөлік мұз астына түсіп кеткенін хабарлады.

Оқиға 10 ақпанда болған. Ерлі-зайыптылар Шерубай-Нұра өзеніне балық аулауға барған. 

Рөлде отырған ер адам мұздағы ойықты байқамаған, сол сәтте көлік мұз астына түсіп кеткен.

1957 жылы туған ер адам судан өз күшімен шығып үлгерген. Ал жұбайын құтқару мүмкін болмаған.

Құтқарушылар бір тәулік бойы көлікте жұбайымен бірге болған 1962 жылы туған әйелді іздестірді. ТЖД сүңгуірлері оның денесін автокөлік табылған жерден төрт метр қашықтықта, жеті метр тереңдіктен тауып, судан алып шықты, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы