Қарағанды облысында ер адам жоғалып кетті

Іздеу жұмыстарына кең-байтақ дала аумағы кедергі келтірген.

 ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов Бүгiн 2026, 11:52
Бүгiн 2026, 11:52
142
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов

Қарағанды облысының 112 қызметіне күндіз ер адамның жүк көлігімен Астана қаласынан Шұбаркөл кентіне қарай шығып, байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, жол-патрульдік полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдері барып, аумақты шолып шықты. Іздеу жұмыстарына түнгі уақыт пен бағыттан жаңылу оңай болатын кең дала алқаптары қиындық туғызды.

Түнде іздеу топтары ер адамды Талдысай ауылынан 35 шақырым жерден тапты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

 
Наверх