Қарағанды облысында егіс науқаны 15 мамырда басталады

4 Мамыр 2024, 18:27
407
Бөлісу:
Қарағанды облысында егіс науқаны 15 мамырда басталады
PHOTO
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысында 15 мамырдан бастап жаппай егіс науқаны басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының әкімдігінің мәлімдеуінше, биыл жұмыстарға 10 мыңға жуық трактор мен 254 егіс кешені тартылып,4 мыңнан астам сепкіш және 2482 топырақ өңдеу агрегаты жұмысқа дайын.

Көктемгі егісті жүргізу үшін 107 мың тоннадан астам дәнді дақылдар мен 36 мың тонна картоп себілді. Қалған көлем басқа өңірлерден сатып алу арқылы және импорт есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Қарағанды облысында егіс науқаны 15 мамырда басталады

Аппараттық кеңестегі алдағы жұмыс туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин баяндады.

Биыл минералды тыңайтқыштарды қолдана отырып егіс алқаптарын 320 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіс науқанын оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізбек. Біз егуді 15 мамырдан бастап, 25 мамырда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Көктемгі дала жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда, – дейді ведомство басшысы.

Қарағанды облысында егіс науқаны 15 мамырда басталады

Қарағанды облысының диқандарына 25,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Қарағанды облысының басшысы Ермағанбет Бөлекпаевқа аудан әкімдері көктемгі дала жұмыстарына дайындық туралы айтып берді.

Қарағанды облысында егіс науқаны 15 мамырда басталады

Ауыл шаруашылығы басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері егіс науқанын сапалы және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етсін. Минералды тыңайтқыштарды жедел сатып алу бойынша жұмысты ұйымдастыру қажет. Сапаны анықтау үшін тұқымның дұрыс берілуін бақылауда ұстаңыздар. Арзандатылған отынның уақтылы жеткізілуін және арнайы техниканың дайындығын қамтамасыз ету керек, – деп тапсырды Ермағанбет Бөлекпаев.

Өзгелердің жаңалығы