Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған

1 Тамыз 2024, 09:20
548
Бөлісу:
Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған
VIDEO
Фото: Скрин

Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.

Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот "үй қамақа алу" шарасын қолданды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі, -делінген хабарламада.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы