Қарағанды облысында 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

6 Қараша 2024, 11:57
229
Бөлісу:
Қарағанды облысында 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Фото: Артём Чурсинов -архив

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, 9 айда 380 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Жыл соңына дейін 500 мың шаршы метр салынады. Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, ауылдарда құрылысты белсенді жүргізетін бизнестің рөлін ерекше атап өткім келеді. 55 мың шаршы метр немесе 755 пәтер салынды. Бұдан басқа, ТКШ саласында 31 млрд теңге сомаға жылумен жабдықтау бойынша 14 жоба іске асырылуда, оның ішінде, облыс орталығында, Балқашта, Теміртауда, Шахтинскіде 17 км магистральдық жылу желісі салынды, - деді ол.

Өңірдегі 7621 үйге газ желілері тартылып, оның 3573-і газға қосылған.

Биыл 14 ауылдың 1500 тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қарағандыда жылу қуаты тапшылығы мәселесін үшінші жылу шығарғышын салу арқылы шешілді. Бұл облыстағы соңғы 30 жылдағы ТКШ-дағы ең ауқымды жоба. Алдағы жеті жылда үшінші жылу шығарғыш 1,2 млн шаршы метр тұрғын үйді, яғни 20 мыңнан астам жаңа пәтерді жылумен қамтамасыз етеді, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өзгелердің жаңалығы