Қарағанды облысында шөптің жануы сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бұқар Жырау ауданы, Көкпекті ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жайылған шөптің 200 шаршы метр алаңда жануы орын алды.
Өрт сөндірушілер жақын тұрған үйлерге өрттің таралуына жол бермей, оны толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген министрліктің хабарламасында.
Өрт орын алған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.